Сейсенбі, 21 мамыр, 15:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Референдум өткізу – ел болашағының негізі

23.05.2022

640 0

Облыстық референдум комиссиясы  республикалық референдумға дайындық және оны өткізудің құқықтық аспектілері тақырыбында оқыту семинарын өткізді.Іс-шара Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында ұйымдастырылды. Жиналғандар  ағымдағы жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, респуб­ли­калық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, элек­тораттық оқытуды ұйым­дас­тыру, дауыс беруді байқау про­цесінің ерекшеліктері, сон­дай-ақ референдум туралы заң­наманы бұзғаны үшін жауап­кер­шілік мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.


 «Республикалық референдум өткізудің кейбір ерекшеліктері туралы»облыстық референдум комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев, «Референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етудің ережелері мен есеп берудің тәртібі туралы» облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов, «Референдумға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі туралы» Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Әнуар Муратов  хабарлама жасады.Семинар соңында Облыстық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері семинарға қаты­сушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: