Жұма, 19 сәуiр, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сайлау науқаны қызу жүруде

10.01.2021

989 0

Биылғы Парламент Мәжілісі пен мәслихат депутаттарының сайлауына қызылордалықтар  белсенді қатысуда. Аймақтағы № 355 сайлау учаскесіне таңнан келіп, өз таңдауын жасаушылар легі көп.

          – Қала тұрғындары да еліміздегі саяси маңызы зор науқанға белсене араласуда. Мұнда да адам саны аз емес. Барлық санитарлық талаптар сай орындалып жатыр. Дауыс берушілер бюллетень алмас бұрын міндетті түрде қолын антисептикпен зарарсыздандыру керек. Осында отыратын сайлау комиссияларының мүшелері мен байқаушылар үшін шыныдан қорғандар жасалған. Әрбір дауыс берушінің дене қызуы өлшеніп, қорғаныш маскасы таратылып жатыр. Арақашықтық сақтауға да мән беріліп отыр. Тіпті комиссия мүшесіне азаматтар жеке куәліктерін қолға бермей ұсынуы керек. Сондай-ақ қарт кісілер және науқастығы бар азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде, – дейді № 355 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жадыра Түлкібаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: