Жексенбі, 28 сәуiр, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сайлауға дайындық қалай?

07.02.2023

724 0

Сурет: Қазақпарат

Алда үлкен саяси науқан. Президент Жарлығымен 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлаудан халық үміт күтіп отыр. Қазіргі уақытта облыстық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдікпен бірге сайлау процесін өткізу жұмыстарын бастап кеткен.

Аймақтағы Мәжіліс және пар­ламент сайлауына дайындық қалай, қанша үміткер тіркелді? Бұл жөнінде облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыбергеннен білген едік.

– Облыс бойынша мәслихат де­путаттарына барлығы 152 мандат бө­лінген. Оның 32-і облыстық деңгейде, оның ішінде 50 пайызы  партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір ман­датты мажоритарлық жүйемен ұсынылады.

Қызылорда өңіріндегі дауыс беруші халық саны бойынша Мәжі­ліске бір квота бөлінген. Азаматтар өзін-өзі ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Өңірде барлығы 516 сайлау комиссиясы орналасқан. Оның 9 аумақтық (63 адам), 134 округтік (670 адам), 373 учаскелік (2649 адам) сайлау комиссиясы. Оларда 3382 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Олардың барлығына сайлау аяқталғанға дейін еңбекақы төленеді, – дейді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі.

Облыстық сайлау комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, 20 қаң­тардан бастап депутаттыққа үміт­керлер өзін-өзі ұсыну тәртібімен құжаттарын комиссияларға ұсынуда. Кандидаттардың тиісті құжаттары қабылданып, сәйкестігі немесе сәй­кес еместігін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Кандидаттар үшін жар­напұл айқындалған. Сайлау кезеңінде Мәжіліс депутатына кандидат ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде, яғни 1 миллион 50 мың теңге, мәслихат депутатығына үміт­кер азамат ҚР заңнамасында белгі­ленген ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерінде, яғни 350 мың теңге жарнапұл төлейді.

Сонымен қатар сайлаушылар үшін ақпараттар қолжетімді. Ай­мақтағы дауыс беруші 492443 аза­маттың тізімі жасақталды.

Сайлаушылардың дауыс беру учаскесін нақтылау үшін telegram бот және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы «Өзіңді сай­лаушылар тізімінен тексер» сервисі іске қосылып, 109 call-орталығы жұмысын бастаған.

Сайлау процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін барлық сайлау комиссия мүшелерін оқыту және әдістемелік бағыт-бағдар беру үшін арнайы оқыту-семиналары бас­талды. Барлығы 1500-ге жуық маман оқытылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: