Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сенат сайлауы өтті

17.01.2023

688 0

Сурет: Вestnews.kz

Өткен аптаның сенбі күні барлық облыстарда ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы өтті. Бұл сайлауға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары дауыс беруге қатысты. Сол күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қортындысын жариялады.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құ­қығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары сайлағаны белгілі. Мәслихат депутаттары әдеттегідей лайық деп таңдаған кандидатты бюллетеньде белгілеп, сайлау жәшігіне тастады. Айтпақшы, соңғы өткізілген кезектен тыс Перзидент сайлауындағы жаңашылдық – бюллетеньде «Бәріне қарсымын» графасы Сенат сайлауында да қолданылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер ретінде тіркелген. Ең көп үміткер Алматы облысынан ұсынылған. Астана мен Шымкентте, Қызылордада үш-үштен, ал қалған өңірлерде 2 кандидаттан тіркелді. Дауыс беруге 3167 мәслихат депутаты қатысты. 20 өңір бір-бірден сенатқа лайық депутатты таңдады. Сегізінші шақырылымда 4 депутат қайта сайланды. Олар – Алматы, Жетісу, Ұлытау облысы мен Шымкент қаласынан сайланған депутаттар. Сенатқа облыс мәслихаттарының бес хатшысы, төрт әкім орынбасары, екі аудан әкімі, бір облыстық басқарма жетек­шісі, министрліктің орташа дәрежедегі бір жетекшісі өткені белгілі болды. Сайланғандардың үшеуі – әйел болса, жаңа сайланған депутаттардың орташа жасы – 53, ең үлкені – 62, ең жасы – 42-де.

Сонымен облыстық сайлау комиссиясының қоры­тындысы бойынша Қызылорда облысынан 3 үміткер сайлауға түсті. Олар – «ҚазСуШар» РМК филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов. Сайлау нәтижесі бойынша үш кандидат арасынан ең көп дауыс жинаған үміткер Руслан Рүстемов болды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: