Сәрсенбі, 06 мамыр, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті

06.05.2026

33 0

Фото: Egemen.kz.

Қазақстанда банктер депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арттыра бастады. Кейбір қаржы ұйымдарында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20,5%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамыр айының басында бірқатар банктер мөлшерлемелердің көтерілгенін жариялады. Мысалы, Еуразиялық банк «TURBO жинақтаушы депозиті» бойынша мөлшерлемені 20,5%-ға дейін жеткізді. Бұл ұсыныс 3 ай мерзімге, толықтыру мүмкіндігімен беріледі. Ал 6 айға, толықтырусыз депозиттер бойынша ЖТСМ шамамен 20% құрайды. Ең төменгі салым сомасы – 1000 теңге.

Сондай-ақ Home Credit Bank те 3 айлық, қаражатты шешу мүмкіндігі жоқ «Сберегательный Хоум+» депозиті бойынша 20,5% мөлшерлеме ұсынады. Бұл жерде ең аз салым көлемі – 10 мың теңге. Бұдан бөлек, банк «Простой» және «Почтовый» өнімдері бойынша мөлшерлемелерді 16,3%-ға дейін өсірген.

Қазіргі таңда ең тиімді депозит ұсыныстарының қатарында:– Еуразиялық банк – 3 айға дейін 20,53% (шешусіз),– Home Credit Bank – 3 айға дейін 20,5% (шешусіз),– BNK Bank – 20,5% (толықтыру және шешу мүмкіндігінсіз),– Altyn Bank – 6 айға дейін 20% (толықтырумен),– Freedom Bank – «Капитал» депозиті бойынша 6 айға дейін 20% (шешусіз, толықтырусыз).

Сонымен қатар Kaspi, Банк ЦентрКредит, ForteBank, Bereke Bank, Нурбанк сияқты ірі банктер де 3 айлық депозиттерге шамамен 20% мөлшерлеме ұсынып отыр.

Нарықта ерекше ұсыныстар да бар. Мысалы, исламдық Zaman Bank 3 жыл мерзімге 20% мөлшерлеме қарастырады.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылғы 24 сәуірде өткен ақша-несие саясаты комитетінің отырысында базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: