Сейсенбі, 05 мамыр, 16:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін отын қорын әзірлеуге тапсырма берді

05.05.2026

35 0

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жылу беру маусымына арналған отын қоры 1 қыркүйекке дейін жинақталуы тиіс. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media 

Ол алдағы жылу беру маусымына дайындыққа ерте қамдануға шақырды. Жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды тапсырды.

«Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етсін», – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов энергетика нысандарында жөндеу жұмыстарының көлемін және қаржыландыруды қысқартуға тыйым салып отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: