Сенбі, 27 шiлде, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Тамара Дүйсенова: Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін

15.05.2022

690 0

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қарсы емес екенін айтты

Тамара Дүйсенова зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдері қозғалысының өкілдерімен кездесті.

«Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін. Бізде қазірдің өзінде зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге және зейнет демалысына 55 жаста шығуға мүмкіндік бар. Факторлардың барлығын бірлесе отырып зерттеуіміз керек. Бұл кейін азаматтарымыздың зейнетақысы төмен болмауы үшін қажет. Азаматтардың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше тәсілін қарастыруымыз керек», – деді ол.

Кездесу кезінде белсенділер зейнет жасын төмендетуге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Оны министрлік жанындағы арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерделейді.Жиында экономика секторларындағы жасы 50-ден асқан әйелдердің табысы мен әлеуметтік мәртебесі, төмен зейнетақы алатындардың мәселесі де көтерілді.

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: