Жұма, 29 наурыз, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Назарбаев туралы заңдарға қол қойды

07.02.2022

1157 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық заңдарға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды», – делінген жарлықта.

19 қаңтарда мәжіліс депутаттары 2020 жылы қабылданған “Ұлт көшбасшысы туралы заңға” түзетулер енгізді. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырылды. Алайда заңның басқа тармақтары өзгертілмеді, яғни елдің Тұңғыш президенті мен оның отбасы мүшелеріне қол тигізбеу құқығы әлі де сақталады. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы. 

Сонымен қатар Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады.

Тиісті өзгерістер «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы» туралы Конституциялық заңға енгізілді.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: