Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев жалпыхалықтық референдум жайлы: Мақсатым – халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру

27.05.2022

739 0

Бүгін мемлекет басшысы Қырғызстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында екі елдің президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда елімізде өтетін конституциямызға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдум жайлы айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің сөзінше, жалпыхалықтық референдум өте маңызды әрі тарихи іс-шара.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге келгенін де ерекше атап өтті.  

«Жаңа Қазақстан, яғни екінші республика – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам деген сөз. Президенттік жүйе сақталғанымен, парламенттің рөлі және ықпалы едәуір күшейтіледі. Халқымыздың үні және пікірі анық естілетін болады. Мен президент ретінде осы құқықтық реформадан ешқандай артықшылыққа я жеңілдікке ие болмаймын. Мақсатым – бүкіл қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру», – дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл реформамен демократияландыру үрдісі аяқталмайтынын, алдымызда ұзақ жол бар екенін еске салды.

Президенттің айтуынша, жаңа реформалар жалғаса береді және бүкіл қоғамымыздың жүйесі жаңартылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: