Сенбі, 07 желтоқсан, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады

12.01.2022

749 0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді. Жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, әділет министрі Қанат Мусин, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мемлекеттік қызметші антын берді.

«Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер – Үкіметтің жаңа құрамы, халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономиканың өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы-тонаушылар келтірген орасан шығындарды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл – осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді», — деді Ә. Смайылов.

Отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров баяндама жасады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, биылғы жылдың 20 қаңтарына дейін Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасының жобасын әзірлеуді, қысқа мерзім ішінде ШОБ-қа мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың ашық әрі түсінікті тетіктерін әзірлеуді және даму институттары (ҚДБ, «Даму» қоры және т. б.) жұмысының тиімділігіне талдау жүргізуді тапсырды.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп Инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешенін өзектендіруді, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу үлесін қысқарту тұрғысынан «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібін түбегейлі қайта қарауды, «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларының сатып алуды жүзеге асырудың бүкіл процесін қайта қарауды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Қаржы, Әділет министрліктерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, биылғы жылдың 1 ақпанына дейін бәсекелес ортаға беруге жататын активтерді іріктеу тәсілдерін әзірлеу, Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлеу және енгізу тапсырылды.

Орталық пен өңірлер арасындағы бюджетаралық өзара қарым-қатынастардың айқын қағидаларын қалыптастыру мақсатында Премьер-Министр бюджет заңнамасына түзетулер топтамасын дайындауды және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіруді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, батыс және оңтүстік өңірлердің – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы және басқа да салалық бағдарламалар аясында жекелеген бағыттар әзірлеу тапсырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, LRT жобасын одан әрі пайдалану нұсқалары бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Үкімет басшысы утилизациялық алым мәселесін іске асырудың нақты тетіктері бар ұсыныстар дайындауды, мұнай өнімдері нарығын реттеу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді, бір апта мерзімде тиісті есептер жүргізуді және бензин өндірушілер мен делдалдар үшін акциздер бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді тапсырды. Премьер-Министр бір ай ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласын талдауды ескере отырып, экономиканың бәсекеге қабілетті секторларындағы жобалар пулын дайындауды, «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді, көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауды, Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Ә. Смайылов ІІМ мен ТЖМ құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастыруы қажет екенін атап өтті. ІІМ-ге Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке ІІМ арнаулы мақсаттағы бөлімшелері мен Ұлттық ұланды сандық әрі сапалық нығайту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Үкімет басшысы полицейлердің құқықтық қорғалуын арттыру мәселелерін пысықтауды, қару айналымы мен діни экстремизмнің таралуына бақылауды күшейтуді, бір апта ішінде Үкіметке азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық және әлеуметтік нығайту жөнінде ұсыныстар енгізуді, елдің азаматтық қорғаныс жоспарына қажетті түзетулер енгізуді, төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жетілдіру жөнінде келісілген ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қорғаныс министрлігіне Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің табысын арттыру, әскери-көлік авиациясымен, қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру мәселелерін пысықтау тапсырылды.

Премьер-Министр Қарулы Күштер мен барлау құрылымдарын реформалау, әскердің қорғаныс қабілетін түбегейлі арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жақын арадағы отырысына енгізуді тапсырды.

Үкімет басшысы жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтап, әлеуметтік-еңбек саласын сапалы жаңарту бойынша жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

Ә. Смайылов бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттар (400 АЕК дейін) мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту, жастар практикасына, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне бір ай мерзімде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламаның жобасын әзірлеу тапсырылды. Білім және ғылым министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін әлеуметтік қолдау шараларының тиісті пакетімен педагогтарды тарту бағдарламасын әзірлеу, беделді шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Премьер-Министр мемлекеттік білім беру тапсырысы жобасында техникалық бағыттар бойынша, бірінші кезекте, батыс өңірлерде гранттар санын ұлғайту, халық тығыз қоныстанған өңір жастарының жоғары оқу орындарында білім алуы үшін нысаналы гранттар көздеу қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы биылғы 1 ақпанға дейін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру мәселелерін пысықтауды тапсырды.  «Бүгінгі жағдайдың қаншалықты күрделі екенін барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Барынша бір кісідей жұмылып, үйлесімді жұмыс істеуіміз қажет», — деді Ә. Смайылов. Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз 0000 Жаңалықтар тізбегі 12 Қаңтар 2022, 13:27 ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов күштік құрылымдардың қызметкерлеріне алғыс айтты 12 Қаңтар 2022, 12:10 Үкіметтің экономикалық саясаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға және тұрмыс сапасын арттыруға бағытталады — Б. Сұлтанов 12 Қаңтар 2022, 11:53 ҚР-да ТЖ кезеңінде несиелер бойынша  төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынады — ҚНРДА 12 Қаңтар 2022, 11:43 ҚР ҰЭМ 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдайды 12 Қаңтар 2022, 11:29 Қазақстанда кеден саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша шаралар қабылданады  — Е. Жамаубаев 12 Қаңтар 2022, 10:42 ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов халықты ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды 12 Қаңтар 2022, 10:28 Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады 11 Қаңтар 2022, 22:08 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа министрлерді таныстырды 11 Қаңтар 2022, 21:12 Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен телефон арқылы сөйлесті 11 Қаңтар 2022, 19:41 ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті 11 Қаңтар 2022, 18:54 12 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 10 Қаңтар 2022, 13:00 ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді 08 Қаңтар 2022, 20:14 Қазақстандағы КВИ өсімі: ВАК отырысында пессимистік сценарий туралы айтылды 08 Қаңтар 2022, 16:51 Маңғыстау облысындағы әлеуметтік экономикалық жағдайды қарастыру бойынша үкіметтік комиссия Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырмақ 08 Қаңтар 2022, 11:57 Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті 06 Қаңтар 2022, 14:28 Үкімет әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел іс-шараларды қабылдады 05 Қаңтар 2022, 12:14 ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді 05 Қаңтар 2022, 11:43 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №949 Қаулысы 05 Қаңтар 2022, 11:26 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №943 Қаулысы 05 Қаңтар 2022, 11:11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №936 Қаулысы 04 Қаңтар 2022, 18:32 Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті 04 Қаңтар 2022, 17:13 Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді 04 Қаңтар 2022, 15:31 Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр 04 Қаңтар 2022, 14:02 Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады 03 Қаңтар 2022, 13:34 А. Мамин: Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды 02 Қаңтар 2022, 09:59 Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №144 01 Қаңтар 2022, 00:42 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады 31 Желтоқсан 2021, 12:08 Қазақстанда Отандық ядролық медицинаны дамытудың жол картасы әзірленеді 30 Желтоқсан 2021, 15:04 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №921 Қаулысы 30 Желтоқсан 2021, 14:59 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №903 Қаулысы 30 Желтоқсан 2021, 11:41 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №894 Қаулысы 30 Желтоқсан 2021, 11:24 Ә. Смайылов көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша кеңес өткізді 30 Желтоқсан 2021, 10:58 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №867 Қаулысы 30 Желтоқсан 2021, 10:08 Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 29 Желтоқсан 2021, 11:45 Ержан Мыңжасаров ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды 28 Желтоқсан 2021, 15:38 Үкіметте Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті 28 Желтоқсан 2021, 15:07 Газдандырудың жеделдетілген қарқыны 13,5 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — Энергетика министрлігі 28 Желтоқсан 2021, 13:26 ҚР Үкіметінің отырысы, 28.12.2021 28 Желтоқсан 2021, 12:17 Қазақстанда 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда 28 Желтоқсан 2021, 12:10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №924 Қаулысы 28 Желтоқсан 2021, 12:06 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №912 Қаулысы 28 Желтоқсан 2021, 10:57 Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары орындалды — М. Бекетаев 28 Желтоқсан 2021, 10:12 Қазақстанда «қызыл аймақта» тұрған өңір жоқ — Ж. Бүркітбаев 28 Желтоқсан 2021, 10:04 Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарастырды 28 Желтоқсан 2021, 09:59 Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында құрылыс материалдары өндірісі 9,2%-ға өсті 28 Желтоқсан 2021, 09:38 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялау қажет — А. Мамин  27 Желтоқсан 2021, 16:44 Е. Тоғжанов Алматыдағы жаңа аутизм орталығына барды 27 Желтоқсан 2021, 14:57 Алматы қаласында Е. Тоғжанов ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды 27 Желтоқсан 2021, 14:44 28 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 27 Желтоқсан 2021, 12:31 Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды         Депутаттық сауал Сенат депутаттарының сауалы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты

primeminister.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: