Бейсенбі, 18 сәуiр, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Үміткерлер «Казатомпромға» қарасты еңбек ұжымымен кездесті

22.12.2020

872 0

«Nur Otan» партиясының мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер Геннадий Шиповских, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ құрылыс директоры Тілеуберген Шаутай, Қызылорда облыстық көпбейінді медицина орталығының директоры Нұриддин Әмитов секілді азаматтар бар делегация Шиелі ауданындағы «Семізбай-U» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Сонымен қатар, үгіт-насихат сапында «Nur Otan» партиясының Шиелі аудандық филиалының бірінші орынбасары П.Махамбет, аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық және мәслихат депутаттары болды.

Өндіріс басшысы М.Салқынбаев меймандарды күтіп алды. Кандидаттар мекеменің арнайы мәжіліс залында жұмысшылармен еркін форматта, тікесінен тік тұрып кездесу өткізді. Кездесу барысында қоғамдағы түйткілді мәселелер ашық талқыланып, үміткерлер тарапынан түйткілдің түйінін тарқату жолдары нақты түсіндірілді. Жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін түртіп алған үміткерлер, болашақта партияның назарында болатынын айтты.

Осыдан кейінгі сапар Бала би ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Онда партия мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ, халықтың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: