Бейсенбі, 25 сәуiр, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үш күндік семинар қорытындыланды

17.08.2021

694 0


«Ай-Қанат» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Қызылорда облыстық Ішкі Саясат Басқармасының тапсырысымен «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында семинар-тренинг өтті. 2021 жылдың 10-12 тамыз күндері аралығында  шара Облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында (сол жағалау) өтіп, Волонтерлік қызметті үйлестіретін мамандарға арналған.
Шараға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардағы жастар орталықтары мен жастар ұйымдарындағы волонтерлік қызметті үйлестіретін 30 жуық маман қамтылды
Спикер «ASSA» Шымкент қаласының ACCESS түлектері» жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті, БҰҰ-ның ұлттық еріктісі Данара Саранова өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға керемет әсер қалдырды 
Үш күндік оқыту семинары барысында мамандар Волонтерлікті дамытудың 7 жалпыұлттық жобасы, өңірімізде волонтерлік қозғалысты дамыту және Волонтерлік қызметтің халықаралық және отандық жұмыс тәжірибесі сонымен қатар, азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес-сектор және мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік мәдениетті, бастамалар мен қызметті қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтады.
12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында аталмыш үш күндік семинар қорытындыланып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: