Сәрсенбі, 17 сәуiр, 03:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

ҰҚШҰ-ны қазақ басқарады

26.11.2022

552 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты.

Ел президенті ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың түрлі бағытына қатысты еліміздің ұстанымын жеткізді.

Ұйымға мүше елдер басшыларының қорытынды кездесуі күрделі гео-саяси қайшылықтар мен бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқанын айтты. Мұндай жағдайда ашық, шынайы, сындарлы диалогті сақтау және дамыту маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар ел президенті Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды.

 – Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ыстанбұлдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі себептермен іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Жиынның маңызды жаңалығының бірі ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін қазақ басқаратын болды. Жоспарланған ротация аясында мемлекет басшылары Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: