Сейсенбі, 16 сәуiр, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Украинадағы соғыс бірнеше жылға созылуы мүмкін»: Германияның сыртқы істер министрі

29.08.2022

609 0

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Украинадағы толыққанды соғыс бір жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол бітімге қол жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарады, деп хабарлайды “Европейская правда” басылымы.

«Біз бұл соғыстың жылдарға созылуы мүмкін екенін ескеруіміз керек. Өйткені, өкінішке орай, Ресей үкіметі Украина мен оның тұрғындарын бағындыру туралы нақты идеядан тайған жоқ», – деді Анналена Бербок.

«Ресей Президентінің Украинаны қысқа мерзімде басып алу туралы идеялары жүзеге аспады. Украиндардың батылдығы мен халықаралық қару-жарақпен қамтамасыз етілуі ресейлік сарбаздарына жеңісті тойлауға мүмкіндік бермей отыр. Біз бұл жолда бәрін жасаймыз», – деп қосты министр.

Бербоктың айтуынша, Украина мен Ресей арасындағы бітімге «өте қарапайым жолмен: Путин кінәсіз адамдарды бомбалауды тоқтатып, танктерін шығарған кезде» қол жеткізуге болады.

«Путин бұған кез келген уақытта тапсырма бере алады. Ол Украинаға шабуыл жасады. Сондықтан ол кез келген уақытта қайғы-қасіретті тоқтата алады», – деді Германияның СІМ басшысы.

Сонымен бірге, Анналена Бербок Ресейдің Украинаға толық көлемде басып кіруі «Путиннің соғысы, өйткені ол демократиялық емес билік жүргізеді» деп сендіреді.

«Демократиялық мемлекетте өз халқына зиянын тигізетін бұл соғысқа қарсы көтеріліс әлдеқашан болатын еді. Дегенмен, қарсы шыққандар құқық бұзушылыққа ұшырап, тұтқындалып, түрмеге жабылуда, дәлірек айтсақ, ұзақ жылдарға қамалуда», – деді Бербок.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: