Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

«Улаған деген күдік бар»: Депутат Ермұрат Бәпи сырқаттанып қалғанын айтты

09.07.2024

423 0

Сурет: Видео кадры

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды. Бұл туралы депутат Massaget.kz хабарлайды.

«Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді… Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен… Көрерміз… Аман болайық, ағайын!», – деп жазған еді Facebook-тегі парақшасында. 

Massaget.kz депутатпен хабарласып, оның жағдайын білді. 

«Жағдай орынша боп тұр. Осындай ісіктер әр жерге шығады. Улаған деген күдік бар. Бірақ диагнозды әлі таппады. Барлық анализді тапсырдым», – деді депутат. 

«Қолымды көрген дәрігер 40 жыл қызметінде мұндай жағдайды алғаш рет кездестіргенін мойындады. Ол бұл уланудың белгісі екенін айтты. Ақпаннан бастап қолым ісіп бастады. Ауру өршіп жатыр. Дәрігерлер әлі нақты диагноз қоя алмады. Осы уақытқа дейін маған аллергияға қарсы дәрі жазып берді. Қазір жағдайы тұрақты», – деген еді депутат qaz365.kz-ке берген сұхбатында. 

Депутат «кімнен күдіктенеді?» деген сұраққа жауап бере алмады. 

«Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын», – деді Ермұрат Бапи.

"Улаған деген күдік бар": Депутат Ермұрат Бәпи сырқаттанып қалғанын айтты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: