Сенбі, 25 мамыр, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Су тапшылығын аймақ басшысы қалай шешті?

22.12.2022

642 0

Қызылорда – ақ күріштің аймағы. Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі орын алған су тапшылығы әсерінен егілген егісті вегетациялық кезеңде қажетті көлемде сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындағаны рас. Бұл проблеманы өңір әкімі қалай шешті?

Кездескен қиындықтар туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Бетпе-бет» бағдарласында айтып берді.

– Сыр өңірі аграрлық өңір болғандықтан, басты дақыл күрішті өсіруге және экспортқа шығаруға жете мән береміз. Облыстың ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке бейімделген.Президентіміз дер кезінде Сырдария өзенінің жоғары ағысында орналасқан мемлекеттермен нәтижелі келіссөз жүргізіп, тиісті көлемде су бөлінуіне жағдай жасады. Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге қаржы бөлініп, каналдар тазаланып, гидротехникалық нысандар жөндеуден өткізілді және 156 дана насос қондырғысы алынып, 52 ұнғыма бұрғыланды. Ирригация жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, жерді тегістеу арқылы су пайдалану мөлшерін азайту жұмыстары жүргізілді,-деді өңір басшысы. Облыста ауыспалы егіс тәртібін қатаң сақтай келе, күріш дақылының көлемі 75-80 мың гектардан кем болмауы тиіс. Сондықтан, жыл басында егілуі 64 мың гектарға межеленген күріш егісінің көлемі 78,6 мың гектарға жеткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: