Жексенбі, 08 желтоқсан, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Көлік қызметкерлері құрмет төрінде

06.08.2023

778 0

Тамыз айының бірінші жексенбісі – «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекімен құттықтады. Ол өз сөзінде көлік саласы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосатын аса маңызды салалардың бірі екенін айтып, жолаушылар тасымалының жауапкершілігі әрдайым жоғары болатынын тілге тиек етті. Шара барысында бірқатар сала мамандары «Құрмет» грамотасымен және арнайы номинациялармен марапатталды.

Айта кетейік, өңірдегі 212 елді мекенді, аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты бар. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында өткен жылы жаңа 150 дана автобус алсынса, осы жылы да қосымша 150 дана автобус алу бағытында жұмыстар белсенді жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің сол жағалауында қаламыздың кіре беріс қақпаларының бірі заманауи үлгідегі жаңа автовокзалмен толығатын болады.
Әуе көлігі саласында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен шаһарда «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Бүгінде «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы өзіндік тарихи мәні бар темір жол вокзалы ғимараттары да қайта жаңартылуда. Осы арқылы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалынбақ.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: