Бейсенбі, 28 наурыз, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы түсіндірілді

11.05.2022

2880 0

Еліміздің тарихында екінші рет өткізілгелі отырған Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін азаматтарға түсіндіру мақсатында бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда  облыстық филиалы жанынан құрылған өңірлік штаб Төрағасы Ләйлә Төрешова бастаған штаб мүшелері  «Достық» үйінде  этно – мәдени бірлестіктердің  өкілдерімен кездесті.

Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілгелі отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының  нақты жүзеге асуының дәлелі. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Партиялық жүйені дамыту мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында – саяси партияны тіркеу талабы 20 мың адамнан 5 мың адамға төмендейді. Өңірлік өкілдіктер саны 600 ден 200 ге азайып, бастамашыл топ саны 1000-нан 700-ге қысқарды. Бұлардың барлығы Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарты- деп атап өтті өңірлік штаб төрғасы, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы  Ләйлә Төрешова.

 5-маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-і не өзгерістер енгізілетін болады. Бұл дегеніміз Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Кездесу барысында штаб мүшесі Асылбек Жұмабаев осы бағытта жүзеге асатын міндеттерді тілген тиек етті.

Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр,- деді өңірлік штабтың мүшесі, Асылбек Жұмабаев.

Референдумға қатысу құқығы азаматтардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi.

Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Сондықтан этно – мәдени бірлестіктер  өкілдері еліміздің болашағы үшін бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: