Сенбі, 07 желтоқсан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жанқожалықтар жаңа реформаларды қолдауға дайын

31.05.2022

922 0

Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында партия жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылының тұрғындарымен кездесті.


«Алда болатын референдумның ең негізгі ой-түйінін осы сөзбен айтуға болады. Президент өзінің туған халқына барынша мол бостандық беруді мақсат етіп отыр. Халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. Референдумға қатысып, ой-пікірлеріңізді ашық айту, қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Қазақстанды құра аламыз,- деді тұрғындарға Конституциялық өзгерістерді жан-жақты жеткізіп, Референдумның маңыздылығына тоқталған Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.


Өз кезегінде сөз алған облыстық штаб мүшесі Мнәжадин Өтеев тарихи сәтте елдің болшағы үшін әрбір азамат өзіндік ұстанымын білдіру үшін референдумға қатысу қажеттігін айтып, ауыл тұрғындарын өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.


Жиын соңында ауыл тұрғындары өзгерістерге қатысты өз ойларын ортаға салып, ауыл болып науқанға біркісідей қатысатындарын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: