Бейсенбі, 28 наурыз, 14:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Жастар ресурстық орталығы» директоры тағайындалды

02.09.2021

1068 0

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Құрмаш Асқар Шалқарұлы басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметіне тағайындалды.

Асқар Шалқарұлы, 1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 2017 жылы «Қаржы», 2020 жылы «Экономика» мамандықтары бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы:2014-2018 жж. – «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор-тележүргізуші. Тікелей эфирдегі «Жаңалықтар», «Жаңа күн», «Өзекжарды» бағдарламаларының редакторы әрі жүргізушісі.

2014-2017 жж. – Қызылорда облыстық білім және ғылым салалық кәсіподақ комитетіне қарасты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы.

2015-2017 жж. – Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы. 2015-2016 жж. – Қызылорда облыстық филармониясында конферансье.

2016-2021 жж. – «Б-Асқар» ЖШС директоры, әрі құрылтайшысы.

2017-2019 жж. – «Кәсіподақ келешегі» қоғамдық қорының директоры.

2019 жыл – Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары, Нұр Отан Партиясы Қызылорда облыстық саяси кеңесінің мүшесі, «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «BSG» серіктестігінің бас директоры қызметтерін атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: