Жұма, 26 сәуiр, 23:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жастарға жалын берген жарқын жоба

17.08.2021

1114 0

12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында «Ай – Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру»  әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырды. 2021 жылдың 10-12 тамыз күндері аралығында өткен шара Волонтерлік қызметті үйлестіретін мамандар мен ерікті жастардың қатысуымен өңірімізде еріктіліктің 7 жалпыұлттық жобасын дамыту бойынша түрлі бағыттағы шараларды (7 шара) қамтыды.

Атап айтар болсақ, «Birgemiz»: «Bilim» бағыты бойынша ерікті жастар арасында «Bilim» интеллектуалды сайысы, «Birgemiz»: «Qamqor»  бағыты бойынша мүгедектер мен қарттар үйі ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу, «Birgemiz»: «Sabaqtastyq» бағыты бойынша еріктілердің қатысуымен «Бәйтерек» елді мекенінің (Баламекен) тұрғындары мен балаларына спорттық сайыстар, «Birgemiz»: «Saýlyq» бағыты бойынша облыстық ЖДО мамандарымен репродуктивті саулықты сақтау мәселелерін үйретуге бағытталған іс-шаралар, «Birgemiz»: «Úmіt» бағыты бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты еріктілердің Азаматтық қорғау органдарының музейіне экскурсия, «Birgemiz»: «Asyl mura» бағыты бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған – Қаналы мешіті аумағына тазалық жұмыстары және «Birgemiz»: «Taza Alem» бағыты бойынша тазалық жұмыстарын жүргізу.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: