Сенбі, 07 желтоқсан, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

12480 жолдама

01.02.2022

943 0

Қызылордадағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында мың жарымға жуық қала тұрғыны спортпен шұғылдануда. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Орманов мәлімдеді.

– Қызылорда қаласында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан бар. 2021 жылы бөлімге қарасты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары Қазақстан Республикасы мен Азия чемпионаттарында және Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 104 рет жеңіс тұғырына көтерілді, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар аталған спорт клубында спорттың 14 түрінен ашылған үйірмелерде 1420 қала тұрғыны спортпен тұрақты шұғылдануда.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қолжетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша «Евразия» (жүзу бассейні), «Мұз айдыны» спорт кешендеріне 12 480 адамға жолдама берілген.

Сондай-ақ қалада орналасқан мемлекеттік спорт нысандарында мүмкіндігі шектеулі спортшылардың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдалануына жағдай жасалған. Атап айтсақ, отырып ойнау волейболы, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, парапауэрлифтинг, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, парадзюдо, таэквондо, үстел теннисі, арбамен би, еркін күрес бөлімдері жұмыс жасайды.

Айта кетейік, өткен жылы «Бұқаралық спортты дамыту» қызметі бойынша «Қайнар спорт клубы» қоғамдық бір-лестігі қалада және қалаға қарасты 9 елді мекенде (8820 адам) тұрғындар мен жастар арасында сауықтыру, дене шынықтыру жұмыстарын атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: