Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

300 орындық аурухана мен стадион құрылысының жобасы таныстырылды

24.01.2023

513 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығында салынатын 100 келушіге арналған емханасы бар 300 орындық аурухана мен 7 мың орындық стадион құрылыстарының жобаларын талқылады.

Аурухана құрылысының жалпы сметалық құны 36,4 млрд. теңгені құрайды.Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев аталмыш нысандардың эскиздік жобасын көрсетіп, құрылысы бойынша жұмыстарды баяндады.

Айта кетейік, құрамында онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық аурухана мен 7 мың орындық стадион облыс орталығының Сол жағалау мөлтек ауданында салынады. Аймақ басшысы аталмыш нысандарының құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізуді тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: