Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әлем назарын аударған қос үздік

20.01.2023

790 0

Бүгінгі күннің үздік футболшысы атанған Роналду және Месси тағы да текетіреске түсті. Сауд Арабия елінің Аль-Наср клубына алмасқан Криштиану Роналду алғашқы ойынын «Пари-сен-жермен» командасына қарсы өткізді. Жолдастық кездесу қос тараптың ортақ шешімімен өткізілген еді.

Ойын халықаралық стадион  «Короля Фахда» да өтті.  Еуропадағы жорығын аяқтаған португалдық былғары доп шебері «Аль-Хиляль» ойыншыларымен бірге ойнады. Мыңдаған спортсүйер көрермен тамашалаған тартысты бәсекеде алғашқы допты әлем кубогының жеңімпазы Лео Месси соқты. Бәсекелестікке жаны құмар Роналду 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді. Француздық ұжымның команда капитаны Маркиньос есепті еселеді. Дегенмен Криштиану екінші рет көзге түсіп, клубын алға сүйреді. Матч 5-4 есебімен француздардың жеңісімен аяқталды. Ойын үздігі ретінде Роналду, кубок иегері ретінде Месси марапатталды.

Матчты барлық футбол жанкүйерлері қимастықпен тамашалап, екі үздік футболшынының есімдерін атап, қолдау көрсетілді. Жалпы, бұл кездесу мыңнан аса ойын өткізіп, 2197 нәтижелі әрекетпен көзге түскен қос алыптың қарсылас ретіндегі соңғы матчі болуы мүмкін.

Нұрдәурен Жәрдемхан,

Қорқыт ата атындағы ҚУ 4курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: