Жұма, 29 наурыз, 16:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бокстан жастар арасында Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы 2 алтын иеленді

25.01.2023

501 0

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы медальдар есебі бойынша үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық қыздар Азия додасында 2 алтын, 7 қола жүлдеге ие болды.

Медальдар көшін 5 алтын, 3 күміс, 2 қоламен Өзбекстан боксшылары бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоласы бар Таиланд құрамасы екінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында медальдар есебі:

1. Өзбекстан — 5-3-2

2. Таиланд — 3-1-1

3. Қазақстан — 2-0-7

4. Моңғолия — 1-3-2

5. Қытай — 0-2-0

6. Вьетнам — 0-1-3

7. Непал — 0-1-2

8. Сингапур — 0-0-1

9. Индонезия — 0-0-1.

Ертең 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында жігіттерден алты қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін таласады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: