Жұма, 19 сәуiр, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгін Азия чемпионатында үш қазақ боксшысы рингке шығады

04.11.2022

712 0

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың төртінші күні жастар арасында әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады.

Бұл – қазақстандық және өзбекстандық боксшылардың осы біріншіліктегі өзара екінші кездесуі. Бұдан бұрын Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта Руслан Абдуллаевтан айласын асыра алмаған еді. Енді сол кеткен есені Санжар қайтара ала ма, оны ринг көрсетеді.

Бүгін сондай-ақ Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Сапармұрат Одаевпен жұдырықтасады.

Ел құрамасындағы тәжірибелі боксшылардың бірі, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен сынға түседі.

Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: