Жұма, 03 мамыр, 05:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Дәстүрлі турнир аяқталды

03.12.2022

1524 0

Қазалыда мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2003-2005 жылдары туған жастар арасындағы ХVІ дәс¬түрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Қазақстанның өзге облыстарынан келген 200-ге жуық палуан өз бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақ үшін дүбірлі доданың маңызы жоғары екенін айтып, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Құттықтау хатын» жеткізді.
Халықаралық жекпе-жек конфедерациясының вице-пре¬зиденті Усман Дигаев пен Қазалы, Арал аудандарының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының спорт жөніндегі орынбасары Асылжан Жаманқұл ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен даңқты палуан, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың жеделхатын табыстады.
Жарыс соңында командалық есепте бірінші, екінші, үшінші орын алған командаларға ақшалай сертификаттар берілді. Атап айтқанда, топтық есепте Әйтеке би кенті командасы І орын, Алматы облысының командасы ІІ орын және Қазалы ауданы командасы ІІІ орын иегері атанды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер спортшыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және медальдар табысталды. Сонымен қатар байрақты бәсекеде бақтарын сынап, көзге түскен палуандарға арнайы жүлделер берілді.
Мәселен, «Жас палуан» аталымын Қазалы ауданының спортшысы Айдос Саят, «Үздік техника» атағын алматылық Мәди Данелов, «Үздік палуан» номинациясын қазалылық Ардақ Бұғыбай жеңіп алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: