Жексенбі, 28 сәуiр, 04:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Директор шығарып жіберді, жаттығатын орын жоқ»: әлем чемпиондары далада дайындалып жүр

21.07.2023

998 0

Атырау облысына қарасты Сарайшық ауылында таэквондодан әлем чемпиондары ыстықта далада дайындалып жүр. Өйткені жаттығатын орын жоқ, спортшылар үшін арнайы зал қарастырылмаған. Бұл туралы Stan.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды.  

Спортшылардың көбі аптап ыстықта  көше бойында, қара жерге татами төсеп жаттығып жүр. 

 Серік Исламның таэквондаға қатысып жүргеніне тура екі жыл болған. Спорттың бұл түрінен алған жүлделері де  жетіп артылады. Жуырда жасөспірімдер арасында Түркияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленіпті. Айтарлықтай жетістікке жеткен жеткіншек қазір жаттығатын орын таппай, далада дайындалып жүр. 

 «Бұл үйірмеге қатысып жүргеніме екі жыл болды. Қазір далада дайындалып жүрміз. Қатты қиындық туғызып жүр. Сондықтан бізге зал керек», – дейді Серік Ислам. 

Таэквондо үйірмесіне ауылдың отыздан аса баласы қатысады. Бірақ оларға әлі күнге дейін  жағдай жасалмаған. Бастапқыда ауылдағы мектептің спорт залында шыныққан, кейін директор ауысып, ол жерден шығарып жіберген.

Содан соң балалар екі жылдай ауылдағы тойхананың бірінде жаттығыпты. Бірақ,  той-томалақ, ас-жиын болатын күндері дайындықтары тоқтатайды. Бірақ ол ғимарат та екі ай бұрын жөндеуге жабылып, спортшылар далада қалған. 

Спортшыларға әзірге көп салалы колледждің спорт залын алып беруге уәде берілген.  Бірақ оқу орынның да жағдайы  мәз емес. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қаланған ғимараттың қабырғасы құлағалы тұре, едені опырылып жатыр.  Әзірге балалар осы жерде амалсыз жаттығып жүргендерін айтты. 

Аудан әкімінің айтуынша, ауылға спорт кешенін салу үшін биыл жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. 

«Қазіргі таңда спорт кешендерін қажет етіп отырған ауылдар баршылық. Бес ауылға спорт кешенін салу үшін облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс бердік. Облыс басшысы да біледі, – дейді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: