Сәрсенбі, 08 мамыр, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Мәдениет және спорт саласында жүйелі жұмыстар атқарылуда

26.02.2024

3645 0

Сурет: қала әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов мәдениет және спорт саласында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы баяндады.

Жалпы, өткен жылы 1389 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 219 786 көрермен қамтылды. Бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру мекемелерімен, спорт мектептері және спорт клубтарымен бірлескен түрде 197 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 15 294 спортшы қамтылды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы бойынша қала орталығындағы және кент, ауылдық округтердегі клубтар мен мәдениет үйлер жанынан барлығы 89 үйірме жұмыс жасап, оған 1043 көркемөнерпаз қатысты. Бұдан бөлек, кітапханаға келген оқырман сұранысын қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету мақсатында жүйеге қарасты 21 кітапханада 1801 кітап сандық форматқа көшірілді.

– Бөлімге қарасты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында 13 спорттың түрінен үйірмелер қала тұрғындарына ақысыз негізде қызмет көрсетуде. Жыл көлемінде, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары Қазақстан Республикасы мен Азия чемпионаттарында және Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 136 рет жеңіс тұғырына көтерілді, – деді бөлім басшысы Жағыпар Айтбайұлы.

Физиологиялық ерекшелігі бар жандардың талантын шыңдау мен өнерін көпшілікке насихаттау мақсатында 2022 жылы үйірме болып ашылған инклюзивті театр облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы С. Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан инклюзивті театр болып құрылды. Сондай-ақ, мәдениет үйінде «Сырлы саз» халықтық фольклорлық ансамблі қайта құрылып, ұлттық аспаптардың үнімен мерекелердің сәнін келтіріп, ұлттық мәдениетіміздің дамуына үлес қосуда. Ал, биылдан бастап «Жастар театры» дербес мекеме болып құрылып, өз жұмысын жалғастыруда.

Сонымен қатар, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Сиқырлы айна» халықтық балалар қуыршақ театры, «Мереке» вокалды аспапты ансамблі, Қызылжарма ауылдық клубында «Қожабековтер» жанұялық ансамблі халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Айта кету керек, 2024 жылы тойланатын мерейтойлар аясында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарға қойылған. Елдімекендердегі халықтың мәдени нысандарға қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамту мақсатында “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында түрлі бағыттағы мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: