Сенбі, 20 сәуiр, 04:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Паралимпиада-2022: Қазақстандық парабиатлонист «қола» алды

08.03.2022

1324 0

Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда жарыс жолына шықты. Ол еліміздің атынан аталған сайыста бақ сынаған жалғыз спортшы болатын.

Александр Герлиц мәре сызығын үшінші болып қиды. Ол жарыс жеңімпазы атанған канадалық Марк Арендзден 1:25.6-ке қалып қойды. Күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды.

Айта кетсек, бұл медаль – биылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы жүлдесі.

Сондай-ақ, бүгін пара биатлоннан отырып сырғанауда Сергей Усольцев 14, Ербол Хамитов 16-орын алды.

Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлицтен өзге Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғайды.

Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: