Дүйсенбі, 13 мамыр, 05:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Қайсар Елордада тең ойын көрсетті

14.05.2022

1696 0

Кеше қызылордалық «Қайсар» футбол клубы Елордадағы «Астана арена» стадионында ел біріншілігінің 5-турында «Астана Жас» командасымен кездесті. Нұр-Сұлтанда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталып, екі команда тең түсті.

Ойынның бесінші минутында айып алаңында ойын тәртібі бұзы­лып, «Қайсар» қақпасына 11 метрлік айып соққысы белгі­ленді. Алғашқы соққыны қақ­пашы, команда капитаны Нұрымжан Салайдын қайтарды. Алайда алаң жиегіндегі төреші Нұрымжан қақпадан ерте шықты деп, екінші рет айып соқ­қысы белгіленді. Екінші рет тағайындалған пенальтиде «Астана жас» командасының капитаны, 89 нөмірлі ойыншы Бауыржан Ахаев мүлт кетпей, қасқырлардың қақпасына гол соқты. Араға көп уақыт салмай 13 минутта «Қайсар» командасының 73 нөмірлі жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан Мағжан Бауыр­жанның асырған пасын ұтымды пайдаланып, жауап голын соқты.

Саят Сулықанов бас төрелік еткен Қазақстан І лигасының 5-турындағы ойын тең дәрежеде өтті. Енді «Қайсар» футболшылары 22 мамырда өз алаңында І лиганың 6-туры аясында «Оқжетпесті» қабылдайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: