Дүйсенбі, 14 маусым, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (1748)
12.06.2021
PDF мұрағаты

«Қайсарға» жаңа бапкер тағайындалды

08.06.2021

647 0

Қызылордалық «Қайсарды» енді 64 жастағы білікті бапкер Владимир Никитенко баптайды. Тәжірибелі жаттықтырушы бүған дейін қасқырларды екі мәрте жаттықтырған. Атап айтсақ, 2008 жылы тізгінді ұстап, ел біріншілігінде табысты нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2012 жылы «Қайсарға» қайта оралып, премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлес қосты. Владимир Никитенко еліміздегі ең нәтижелі, жетістіктері мол бапкерлердің санатында. Атап айтсақ, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бірнеше мәрте Қазақстан кубогын еншілеген, екі мәрте Қазақстан суперкубогын жеңіп алса, бірнеше рет ел чемпионатының жүлдегері атанған. Сондай-ақ Ресей федерациясы кубогының иегері.
Бапкерлік еңбегі жолында 40-тан аса спорт шеберін, 30-дан аса футболшыны Ұлттық құрама сапына даярлады.
Владимир Андреевичке біріншілік барысында сәттілік тілейміз!

«ҚАЙСАР» ФК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: