Сейсенбі, 12 қараша, 21:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Қазақтың Ломаченкосы» Болгариядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

21.02.2022

1233 0

Қазақстан боксшысы Махмұд Сабырхан Софиядағы (Болгария)  «Странджа» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның турнирдегі алғашқы қарсыласы Германия өкілі Салах Ибрахим болды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек Сабырханның сенімді жеңісімен аяқталды — 5:0 (30-26, 30-27, 30-27, 30-27, 30-27).
Естеріңізге сала кетейік, Махмұд Сабырханның өткен жылы Белградта өткен әлем чемпионатында көрсеткен жарқын жеңістерінен кейін ( «күмісті» алды) ресейлік «неКАРАтэ» YouТube-арнасы украиндық боксшыға ұқсас стиль — техника, жылдамдық, қозғалысына қарап оны «Қазақтың Ломаченкосы» деп атаған болатын.

«Странджа» турниріндегі Қазақстан құрамасының тізімі мынадай: Санжар Ташкенбай, Даниял Сәбит (48 кг), Дамир Әбдіқадір, Тимур Қабдешов (51 кг), Махмұд Сабырхан, Талғат Сырымбетов (54 кг), Оразбек Асылқұлов, Бейбарыс Жексен (57 кг), Василий Самчук, Әділет Құрметов (60 кг), Абзал Серік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Дулат Бекбауов, Дархан Дүйсебай (67 келі), Ермахан Жақпеков, Қуан Қуатов (71 келі), Нұрқанат Райыс, Диас Молжігітов (75 келі), Жәнібек Қартбаев, Ерасыл Жақпеков (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Нұрлан Сапарбай, Аманат Сабырғали (+92 келі).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: