Жұма, 03 мамыр, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қолыма 1 жарым миллион теңге ұстатып, пәтер сатып ал деді»: Еркебұлан Шынәлиев

11.07.2023

518 0

«Маған 2008 жылдың аяғында «Жыл спортшысы» атағын берді. Сол кезде «Оңтүстік» мейрамханасында мені марапаттап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Тіпті, сол пәтерді апарып көрсетті де. Ол кезде «Нұрсәт» шағын ауданы енді салынып жатқан. Сантехникалық жұмыстар біткен соң, пәтер берілетінін айтты. Сонмен бәрі бітті. Ешқандай пәтер берген жоқ. Кейін қолыма 1 жарым миллион теңге ұстатып, соған пәтер сатып ал деді. Ол кезде бір бөлмелі пәтердің бағасы 7-8 миллион теңге тұратын. Бізде бәрі көзбояушылық қой. Соңғы он жылдан бері он рет жалдамалы пәтер ауыстырған шығармын. Қазір қаладан шаршадым. Шешемнің қолында кіші інім бар. Отбасыммен сол жаққа көшіп кеттім. Қалада қанша аудан бар, соның бәрінде тұрып шықтым. Айына 60, 80, 100 мыңнан төледім. Өткізіп қойған ештеңем жоқ, әрине. Басшылар мұны неге спорт мектебіне басшы қылып қоямыз деп ойлайтын шығар. Спорттан кеткеніме 13 жыл болды, еш жерде жұмыс істемедім», – деді Шынәлиев. Айта кетелік, бұған дейін Еркебұлан Шынәлиев Бейжің Олимпиадасында алған қола жүлдесін және спорттық мансабындағы барлық медалін мұқтаж отбасыға таратқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: