Сенбі, 04 мамыр, 10:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ҮШІН ҚАЛАМГЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

23.06.2023

732 0

Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында қала әкімінің кубогін сарапқа салатын журналистер арасындағы дәстүрлі шағын футбол турнирінің ашылу салтанатына қатысты.Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен биыл екінші мәрте байрағын көтерген бұл турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.Дүбірлі доп додасында Астана, Шымкент қалалары, Атырау, Түркістан облыстары мен Қызылорда қаласынан барлығы 8 команда бақ сынайды. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің спорттан да құр алақан емес екенін тілге тиек еткен қала әкімі Асылбек Шаменов жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. «Евразия» спорт кешенінде өтіп жатқан турнир нәтижесін алдағы жарияланымда хабарлайтын боламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: