Сәрсенбі, 08 мамыр, 19:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада күрестен ел чемпионаты өтіп жатыр

08.04.2022

1287 0

Қызылорда қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты басталды. 16 сәуірге дейін жалғасатын біріншілікке республикадан 1300-ге жуық спортшы қатысуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов мәлімдеді.

Еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты алғаш рет Біріккен форматта U17, U23 екі жас ерекшелік бойынша өтуде. Аталған шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Республикалық күрес федерациясының ұйытқы болуымен өткізілуде.

Чемпионаттың басты мақсаты Азия және әлем чемпионаттарына, халықаралық додаларға қатысу үшін ұлттық құрама командасын қалыптастыру.

«Биылғы жыл күрес спорты үшін маңызды жыл десек болады. Себебі республикалық және әлемдік деңгейдегі сайыстар саны артты. Қызылорда облысында ұйымдастырылып жатқан бұл чемпионат үлкен сайыстардың алдында жастарға үлкен мүмкіндік болмақ. Республикалық чемпионаттарды көптеп өткізу арқылы жер-жердегі таланттарды танып, оларды жоғарғы жетістіктерге жетелеуге үлкен мүмкіндік береді»,- деді Қазақстан Республикасы Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: