Сенбі, 27 сәуiр, 08:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада республикалық жарыс аяқталды

27.02.2022

1341 0

Мұз айдыны спорт кешенінде конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогы өз мәресіне жетті.

Салтанатты шарада мәртебелі қонақтар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ұлттық конькимен жүгіру федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Андрей Линник, «Абзал и К» толық серіктестік директоры, облыстық коньки тебу федерациясының президенті Мағжан Ералиев, Коньки тебу федерациясының бас хатшысы, Элизабет Тұрсынбаева қорының президенті Байтақ Тұрсынбаев, Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж директоры Жәнібек Исаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл және басқармаға қарасты №4 ООРМБЖМ директорының м.а Бегәділ Байсалов еліміздің 9 өңірінен жиналған 63 мәнерлеп сырғанаушының арасынан суырылып шыққан мықтыларын марапаттады.

Сонымен бірге, «Ұлттық конькимен жүгіру федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Линник Андрей Григорьевич барша спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

3 күнге ұласқан сайыс нәтижесінде:
I спорттық разряд бойынша:
Шымкент қ. Павленко Ирина – 1 орын
Алматы қ. Буктукова Альбина – 2 орын
Қарағанды обл. Татамбай Жансая – 3 орын

Шымкент қ. Бердібаев Кенан – 1орын
Шымкент қ. Зябрев Егор – 2 орын
Қарағанды обл. Мельник Юрий – 3 орын

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірім қыздар арасында 1 кезең бойынша:
Шымкент қ. Коваленко София – 1 орын
Шымкент қ. Халимова Алика – 2 орын
Қарағанды обл. Гаврилова Дарья – 3 орын

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірім ұлдар арасында 1 кезең бойынша:
Шымкент қ. Мельников Олег – 1 орын
Қарағанды обл. Кривощеев Никита – 2 орын
Қызылорда обл. Смагулов Артур – 3 орын

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында 1 кезең бойынша:
Нұр-Сұлтан қ. Рязанова Злата – 1 орын
Нұр-Сұлтан қ. Баяндина Дильназ – 2 орын
Алматы қ. Насырова Сабина – 3 орын

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында 1 кезең бойынша:
Батыс Қазақстан обл. Панихин Артур – 1 орын
Алматы қ. Волков Елисей – 2 орын
Қарағанды обл. Карпухин Дмитрий – 3 орын

Командалық ұпай бойынша Қарағанды облысы көш бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары өзара 2,3 орындарды бөлісті.

Барша қатысушыларды шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз!

Шара соңында Андрей Григорьевич бастаған жоғарыда аты аталған азаматтар «Мұз айдыны» СК Мәжіліс залында кездесу ұйымдастырып, алда атқаратын жұмыстарды пысықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: