Бейсенбі, 18 шiлде, 13:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық тұрғын үйін спортзалға айналдырған

22.06.2024

1692 0

Сурет:24 kz

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылының тұрғыны үйін жаттығу залына айналдырған, – деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Аталған елді мекенде спорт кешені жоқ. Болашақ чемпиондар мектеп жанындағы каратэ үйірмесіне қатысады. Оған сыймаған жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серік Молдабековтің үйінің ауласында шеберлік шыңдап жүр. Бекзат Болатбек 6 жылдан бері каратэ-домен шұғылданады. Облыстық біріншілікте төрт дүркін чемпион атанып үлгерген. Аядай ғана бөлмеде жаттығып жүрген жеткіншектің арманы асқақ. 

Арманым әлі де даму, өсу, чемпион болу, Қазақстанда, әлемде осы ауылды таныту ғой арманым», – дейді оқушы Бекзат Болатбек.

Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылының балалары мектеп жанындағы каратэ үйірмесіне қатысады. Ал жоғары сынып оқушылары ауылдағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Серік ағайдың үйінде шеберлік шыңдайды.

«Ауылда спорт кешені болмағандықтан бос тұрған бұрынғы балабақша, дәріхананың бөлмелерін спорт залға айналдырған күндер болды. Кейін үйімнің ауласындағы екі бөлмелі уақытша баспанада спортшыларды жаттықтыра бастадым. Ең бастысы – ауылдың талантты ұл-қызының жасындай жарқырауына жол аштым. Халықаралықтан ең алғашқы жарысқа қатысқан Қарақұлов Ғалым деген оқушым болды. Сол жарысқа қатысқанда екінші орын алғанда төбем көкке жетті. Өйткені осындай шағын ауылдың ішінен дайындаған еңбегімнің шыққанын сезіндім. Тренердің ең бір жақсы бақыты ол оқушы, шәкіртінің жеңісін көру ғой», – дейді Серік Молдабеков. 

Залда 10,15,20 келі секілді гір тасының бірнеше түрі бар. Олардың бір ерекшелігі – трактордың, жүк көліктерінің шатун, каленвал секілді бөлшектерінен жасалған. Жалпы бұл бөлмедегі барлық жаттығу құралдары ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерінен құрастырылған екен. 

Темір-терсек көтерсе де талай тұғырды бағындырған Дүр Оңғар ауылының спортшылары үшін жаңа спорт кешені салынып жатыр. Бұл нысанды биыл іске қосу жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: