Сенбі, 07 желтоқсан, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Республикалық чемпионатта елдің ең үздік құсбегілері анықталды

20.02.2022

1174 0

Қызылорда облысында құсбегілердің «Саятшылық» республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық чемпионатта елдің ең үздік құсбегілері анықталды

Чемпионат Жаңақорған ауданында 16-20 ақпан аралығында өтті. Жарысқа еліміздің он облысынан 90 саятшы 70 құспен қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар:

Қаршыға түрінен:

І орын – Паң Сейдулла, Түркістан облысы

ІІ орын – Сандыбай Ерлан, Түркістан облысы

ІІІ орын – Күнтуған Серікбек, Нұр-Сұлтан қаласы

ІІІ орын – Сейтжан Аян, Алматы облысы

Ителгі түрінен:

І орын – Тайманов Айшуақ, Маңғыстау облысы

ІІ орын – Оспанқұлов Таңат, Қарағанды облысы

ІІІ орын – Көдеков Мұрат, Алматы облысы

ІІІ орын – Базарбаев Ибрагим, Түркістан облысы

Бүркіт түрінен:

І орын – Құрманалиев Ақберен, Атырау облысы

ІІ орын – Әкімбеков Жалғас, Жамбыл облысы

ІІІ орын – Жаркен Нұрлыхан, Қарағанды облысы

ІІІ орын – Баетбай Ермұхан, Алматы облысы

Республикалық чемпионатта елдің ең үздік құсбегілері анықталды

Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» әзірлеген диплом, медальдармен марапатталып, демеушілердің қаржылай сыйлықтары табысталды.

«Қазақ халқының саятшылық өнері – қызықты әрі қасиетті өнер. Жеті қазынаның бірі – ит пен құстың мінез-құлқы мен қасиетін жетік білетін нағыз саятшылар мен құсбегілердің жарысы тартысқа толы болмақ. Ұлттық спорттың дамуына атсалысып жүрген ардагер саятшы Әбдікәрім Түсей мен Алматы облысының ардагер саятшысы, ұлттық спорттың жанашыры Шаймардан Әден жарыстың қонақтары болды», – деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұлов.

Республикалық чемпионатта елдің ең үздік құсбегілері анықталды

Бүгінде ұлттық спорт мектебі еліміздің барлық дерлік аймағында бар. Сол мектептерде құсбегілік өнері үйретіледі.

«Сексенінші жылдары республика бойынша 15-16 ғана құсбегі болған екен. Олардың ішінде ең үлкені 85 жаста болса, ең жасы 60-тан асқан. Қазір табиғатпен тілдесуге жол ашатын ерекше өнерге ықылас білдірген азаматтар саны 200-ге жуық. Қазір ұлттық спорт мектептеріне қызығушы жастар көбейді. Әсіресе, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында мектеп жанынан құсбегілік бөлімінің жұмыс істеуі өте жақсы. Жуырда ғана Павлодарда өткен сайысқа қатысушы құсбегі-саятшылардың қатарында жас жігіттер көп болды. Бұрын саятшылыққа тек бүркіт құсы қатысатын. Қазіргі таңда қыран құстың қатарына ителгі, қаршыға, лашын қосылды. Қазақтың көп шоғырланған жері – Сыр өңірінде бұл чемпионат алғаш рет өтіп отыр. Бұған қуаныштымыз. Саятшылықтың қасиетін жас буынға насихаттау үшін осындай ауқымды шаралар ұйымдастыруымыз керек», – деді ҚР құрметті спорт қайраткері Бағдатхан Мүптекеқызы.

Оның айтуынша, ат бәйгесі, жамбы ату, көкпар сияқты ұлттық спорт түрлері жақсы дамыған. Саятшылық, оның ішінде құсбегілік өнердің де қасиетін жас буынға насихаттау үшін осындай ауқымды шараларды жиі ұйымдастыру қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: