Сенбі, 27 сәуiр, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Шахмат керуені»: Қызылордада 15 мыңға жуық әуесқой шахматшы бар

14.10.2023

4501 0

Еліміздің барлық аймағын аралап, турнир өткізіп жүрген «Шахмат керуені»
бүгін Қызылорда қаласына ат басын бұрды. Керуеннің келуіне орай орталық алаңға жиналған жұртшылыққа облыс әкімі орынбасары Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөзін арнады.

«Алты Алашқа ана болған Сыр өңіріне «Шахмат керуені» келіп жатыр. Бұл –біз үшін маңызды оқиға. Өйткені облысымызда шахматтан үлкен жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларымыз баршылық. Олардың қатарында 12 дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін әлем, жеті дүркін Азия чемпионы, облыс тарихындағы тұңғыш ФИДЕ шебері Әсел Серікбай мен тоғыз дүркін Қазақстан чемпионы, оқушылар арасында әлем, Азия чемпионы Назерке Нұрғали сияқты мақтаныштарымыз бар. Әлі де ортамыздан болашақ гроссмейстерлер шығатынына сенімдімін», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде облыста 14 175 адам, оның ішінде 7 189 ауыл тұрғыны шахматпен айналысса, өңірдегі жас зияткерлерге 365 жаттықтырушы сабақ береді.

Шара кезінде шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылып, оның төрағалығына жеке кәсіпкер Асқар Махамбетов тағайындалды. Федерацияның вице-президенті Марат Есенов аймақтағы филиалдың ашылуы шахмат спортындағы жетістіктерді көбейтуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.
«Қазірдің өзінде жүзеге асып жатқан көптеген бастама бар. «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы 5 мектеп оқушылары интеллектуалды ойынмен кәсіби түрде шұғылданып жатыр», – деді вице-президент.

Алаңда тігілген мобильді киіз үйде қазір швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир болып жатыр.
«Мен 5 жылдан бері шахматпен айналысамын. Облыстық іріктеуде 11 адамның сегізін ұтып, жартылай финалға өттім. Бүгінгі қарсыластарым да мықты. Сонда да орын алуға тырысамын», – дейді турнирдің ең жас ойыншысы Азат Әміреев.

Жартылай финалдың нәтижесі бүгін сағат 15.00-де белгілі болады. 20 адам бақ таластырып жатқан шахмат додасында үш жеңімпаз ғана гранд-финалға жолдама алады.

Марапаттаудан кейін керуеннің құрметті қонағы, жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Әсел Серікбай бір мезеттік ойын сеансын өткізеді. Сеансқа алдын-ала тіркелген 10 әуесқой шахматшы қатыса алады.
Айта кетсек, Қазақстан шахмат федерациясының аймақтардағы интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін қолға алған жобасына Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: