Бейсенбі, 02 мамыр, 06:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Шавкат Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеген америкалық файтер қазақстандықпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

17.12.2023

1962 0

Фото: Stan.kz

Атақты америкалық файтер Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистермен әңгімелесу барысында Колби Ковингтонға 29 жастағы Рахмоновпен келесі жекпе-жекті шығу туралы сұрақ қойылды. Америкалық файтер басқа адамды қарсылас көретінін айтты.

«Түк мағынасы жоқ. Томпсон қарсыласым болғанын қалаймын, бұл әлдеқайда маңызды жекпе-жек, үлкен атау. Бұл UFC үшін жақсы бизнес болар еді», – деді ол.

Ал Ковингтоннан ұтылған Леон Эдвардс (22-3-0-1) Ковингтонға Белал Мұхаммедке (23-32-0-1) қарағанда Рахмонов мықты қарсылас екенін айтты. 

Еске салсақ, америкалық файтер Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеп, оның кәсіпқойлығына күмән келтіретінін айтқан еді. 

Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: