Жұма, 03 мамыр, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Велошабандоз марапат биігінде

27.10.2022

926 0

19-23 қазан аралығында Кореяда велоспорттың маунтинбайк түрінен Азия чемпионаты өтті. Санчион қаласында ұйымдастырылған сайысқа Қызылорда облысының велошабандозы да қатысты. Төрт күндік дүбірлі додада Сыр елінің аруы Алина Саркулова бірнеше жүлдені қанжығаға байлап қайтты.

Азия чемпионатының қорытындысымен Алина Саркулова екі алтын мен бір қола медаль иегері атанды. Кросс кантри олимпик бағдарламасы бойынша ол ІІІ орын иеленді. Ал кросс кантри эстафета мен кросс кантри элеменатор бағдарламасында Алина оқ бойы озық болып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Осылайша веложарыстың Азия чемпионатында Алина аруымыз Сыр елінің қоржынына бірден үш медаль салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: