Жұма, 04 қазан, 07:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Зайнутдинов Италияда доп тебе ме?

27.10.2022

1067 0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов алдағы уақытта мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін. Бүгінде ресейлік ЦСКА футбол командасында ойнап жүрген ала доп шебері туралы «А сериясында ойнауы мүмкін» деген ақпарат тарады.

Бұл жаңалыққа қазақ футболының жанкүйер­ле­рі қуанғаны рас. Себебі қазақ баласының еуропа­лық клуб сапында өнер көрсетуі мақтаныш болары анық. Бірақ футболшының агенті Евгений Новиков «Спорт Экспресс» басылымына берген пікірінде бұл ақ­паратты жоққа шығарды. «Зайнутдинов А сериясындағы клубтардың біріне ауыса ма? Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін! ЦСКА-мен ешқандай келісім жоқ!» − деді Новиков.

Алайда «Sports.kz» украиналық менеджер Алекс Великихтен Зайнутдинов­тің Италияға кетуі туралы болжам­дарын сұрап білді. Шетелдік жобаларды үйлестіру және Италиядан, Шығыс және Солтүстік Еуропадан дарынды футболшыларды іздеу және А сериясының әртүрлі клубымен скаутинг жүргізетін маман өз ойымен бөлісті.

«Біріншіден, италиялық нарық үшін ЦСКА-ның трансфер мәселелері бойынша жұмыс жүйесі түсінікті, жақсы қалыптасқан және сәйкесінше, сырттан келетін басқа адамдар көп емес, тек соңғы үш жылда бизнеспен айналысатындар ғана бар. Екіншіден, бұл ойыншы екі жыл бұрын итальяндық нарықты қызықтыра білді, бірақ кейін бағасы жоғары болды. Үшіншіден, футболшы жартылай қорғауда ойнау үшін пайдалы. Оның бағасы 3 миллион еуроны және бонустарды құрауы мүмкін немесе сатып алу құқығымен арендаға беріледі. Көп нәрсе ойыншының өзіне байланысты», − деді Великих. Сондай-ақ сарапшы Зайнутдиновтің А сериясында жақсы өнер көрсете алатынына сенетінін де тілге тиек етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: