Сенбі, 20 сәуiр, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды

22.05.2022

1398 0

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы Лас-Вегаста АҚШ-тан британдық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Алайда екінші раундта қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Бірінші раундтың өзінде Дигнум нокдаунға түскен.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы про-рингте он екінші жеңіске жетіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атанды. Дэнни Дигнум кәсіпқойлар арасында бірінші рет жеңіліп отыр.

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде екенін еске саламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: