Сейсенбі, 19 наурыз, 09:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

Жәнібектің жеңісі

24.05.2022

1409 0

Осыдан тура екі күн бұрын

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы брита­ниялық былғары қолғап шебері Дэнни Дигнуммен жұды­рық түйістірді. Кештің басты жекпе-жегі болған кездесу отандасымыздың пайдасына шешіліп, «Qazaq style» «уақытша» әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Көрермендер бұл сәтті ұзақ күтті. Алайда WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы сарапқа салынған бұл бокс кеші ұзаққа созылмады. Бірінші раунд басталғаннан-ақ Жәнібек қарсыласын төмпештеуге көшті. Рингтің әр бұрышында қыспаққа алынған Дэнни ауыр соққыдан мүлдем бас көтере алмады. Қарсылық көрсетем деп бір рет нокдаунға түсті. Дегенмен намысқа тырысты ма, төреші онға дейін санағанша есін жиып, түрегеп кетті. Қаншама шетелдік мықтылармен сайысқа түссе де, қарым-қабілетінің қазақ стиліне жетпейтінін ол ұсы тұста көрсетіп қойды. Өзі жекпе-жекте қарсыласыңа әлсіз тұсыңды көрсетіп қойсаң, сол жерден соққа бере-беретін спорттың жазылмай қалған заңы бар. Жәнібек соны тиімді пайдаланып, екінші раундта Дугнумды бұрышқа тақап алып әбден сабады. Ең соңында жақтың астынан сылқ еткізіп апперкот жасап, сұлатып түсірді. «Сұлаған жаудай жебеден» деген осы шығар. Нокаут. Іс тынды.

Бұл – Жәнібектің 12 жекпе-жектегі 12-ші жеңісі. «Qazaq style» кәсіпқой рингтегі 12 жекпе-жегінің сегізін нокаутпен жеңсе, қалған төртеуін төрешілердің оң шешімінің нәтижесінде жеңген. Ол енді 180 күн ішінде WBO тұжы­рымы бойынша «толыққанды» чемпион атағы үшін аме­рикалық  Деметриус Андрадемен жұдырықтасуы тиіс.

Қазақ боксшысы оған әрдайым дайын екенін мәлімдеп, чемпионды жекпе-жекке шақырып келеді. Сарапшылар бұл кездесуді ұйымдастыру қиындау деп жүр. Оның себе­бі ретінде қазақ боксшысының тым қауіпті қарсылас екені, онымен жұдырықтасу коммерциялық тұрғыда тиім­сіз екені айтылады. Егер Деметриус Андраде Жәнібек Әлімхан­ұлымен кездесуден бас тартса, толыққанды чемпиондық титул қазақ боксшысына жекпе-жексіз беріледі.

К.АҚТАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: