Сейсенбі, 21 мамыр, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Жас футболшыларға жаттығу құрылғылары сыйға тартылды

15.04.2022

1750 0

Клуб директоры Жағыппар Жұмахметов «Қайсар» футбол орталығынының тәрбиеленушілерімен кездесіп, жаттығу құрылғылары мен доптар сыйға тартты.

«Қайсардың» іргетасы футбол орталығы. Сондықтан балғын футболшыларға қазірден бастап көңіл бөлмесек, болашақта сапалы ойыншылар шығару үлкен мәселеге айналады. Орталықта футбол әліппесін үйреніп жүрген 500 ге жуық шәкірттеріміздің әрқайсысы назарымызда. Балалар жылы қарсаңында футбол орталығының жұмысын жандандырып, кәсіби футболшылармен бірлесіп, шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Бұл балалардың алға жылжуына үлкен мотивация болары сөзсіз. Сондай-ақ биылғы жылы балғын футболшылар үшін кең көлемде 5 турнир ұйымдастыру жоспарымызда бар. Сонымен қатар орталық стадионның қосалқы алаңында тәрбиленушілеріміз үшін киім ауыстыру және жуыну бөлмелерін салып беру жұмысын қолға аламыз», – деді Жағыппар Насрадинұлы.

Бүгінде орталықтың біршама түлектері аймақ мақтанышына айналған. Атап айтсақ, Нұрымжан Салайдын, Абылайхан Төлегенов, Елжас Алтынбеков, Елжас Сарбай, Өркен Махан, Аян Құлмағанбетов, Бекзат Құрманбекұлы, Мағжан Бауыржан, Нұрмат Сарсенов, Ислам Әбілқасов сынды түлектер «Қайсардың» намысын қорғауда.

Айта кетейік, биыл «Қайсар» футбол орталығының 2006 жылғы тәрбиеленушілері дәстүрлі «Жастар» турнирінде бақ сынап, финалдық кезеңге дейін жетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: