Жексенбі, 08 желтоқсан, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жасындай жарқыраған Ақнар

16.02.2022

1533 0

2022 жылдың 4 ақпанында байрағын көтерген Бейжің 2022 ХХIV қысқы олимпиада ойындарының басталғанына да он күннен асты. Байрақты бәсекеге Қытай атынан шыққан қандасымыз Ақнар Ардақ туралы не білеміз?

Ақнар 1999 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. Ол 1 маусымда 23 жасқа толады. Бойжеткеннің әкесі қайтыс болған, анасы мұғалім болып жұмыс істейді. Ақнардың өзі бала кезінен коньки тебуге, мұз айдынына әуес болған. Спорттық мансабының алғашқы кезеңінде ол халықаралық жарыстарға шорт-тректен ғана қатысқан, ал 2018 жылдан бастап коньки тебуден өнер көрсете бастаған. Ол – КХР рекордын жаңартқан спортшы.

Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының іріктеу жарысында Қытай құрамасының мүшелері арасында Ақнар 3000 метр және 5000 метр қашықтықта бірінші орынды иеленіп, одан кейін елдің ұлттық құрама қатарына енген. Бейжіңде өтіп жатқан олимпиадада мұз айдынына шыққаны сол еді, қазақ халқы оған болысып, қолдауын танытты. Олимпиада төрінде қаумалаған журналистерге қазақша сұхбат бергенде иісі қазақтың жүрегін елжіреткені рас. Өз кезегінде Ақнар да барша қазақ еліне риясыз алғысын білдіріп, тарихи отанынан қолдау күткенін де жасырмады. Қайда жүрсе де, тұла бойында қазақтың қаны тулап жатқан қандастарымыздың мерейі үстем бола берсін.

Динар РАХМАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: