Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

11 мың қызметкерді қысқартты

10.11.2022

560 0

Компания жасанды интеллектке, жарнамалық және іскерлік платформаларға және метаверстің ұзақ мерзімді дамуына қатысты әзірлемелерге назар аударуды шешкен, деп жазады egemen.kz

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін meta компаниясы қызметкерлерді жаппай қысқартып жатыр. Қазірдің өзінде 11000-нан астам қызметкер жұмыстан шығарылады. Бұл туралы компания қызметкерлеріне Meta басшысы Марк Цукерберг өзі мәлімдеді.

«Бүгін мен Meta тарихындағы ең қиын өзгерістер туралы айтпақпын. Мен командамыздың көлемін шамамен 13% – ға қысқартып, 11000-нан астам талантты қызметкерлерімізді жұмыстан шығаруға бел байладым. Біз сондай-ақ шығындарды азайту және жұмысқа мораторийді ұзарту арқылы тиімді компания болу үшін бірқатар қосымша қадамдар жасаймыз»,деді Марк Цукерберг.

Ол қабылданған шешімге өкінетінін жасырмады және неліктен жағдай бұлай болғанын түсіндірді.

«Коронавирустық пандемияның басында әлем тез арада онлайн форматқа көшті және электронды сауда-саттықтың ұлғаюы табыстың шамадан тыс өсуіне әкелді. Көпшілік бұл жағдай пандемия аяқталғаннан кейін де жалғасады деп есептейді. Мен де солай істемекпін, сондықтан инвестициямызды айтарлықтай ұлғайту туралы шешім қабылдадым. Өкінішке орай, бәрі мен күткендей болмады. Интернеттегі сауда бұрынғы тенденцияларға қайта оралып қана қоймай, макроэкономикалық құлдырау, бәсекелестіктің күшеюі және жарнамалық сигналдардың жоғалуы  біздің табысымызды мен күткеннен әлдеқайда төмендетті», деп жазды Мeta басшысы.

Айта кетейік, қысқартылған қызметкерлер 16 апта ішінде негізгі жалақысын және жұмыс істеген әр жылы үшін қосымша екі апта алады. Сонымен қатар, компания алты ай ішінде жұмыстан шығарылғандар мен олардың отбасыларына медициналық көмек шығындарын өтеп бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: