Дүйсенбі, 06 мамыр, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

11 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

11.07.2023

404 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

 Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Ерлі-зайыптылар үшін де, өмірлік серігін іздеушілер үшін де романтикалық кездесулер жасауға қолайлы күн. Үйіңізді толық тазалайтын уақыт келді. Жағымды иісі бар өнімді пайдаланыңыз, осылайша таза әрі жұпар иіске толы бөлмелер сізге бұрын-соңды болмаған сергектік пен қанағаттану сезімін сылайды.

 Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Қиындықтарға қарамастан, сәтті күн болады. Сізге күрделі мәселелерді шешуге, жағдайды саралауға, ақпарат жинауға, тығырықтан шығудың жолын іздеуге тура келеді. Дегенмен шағымдануға негіз болмайды. Бәрі еш жалықтырмайтындай қызықты өтеді. Түстен кейін күтпеген қонақтар келуі мүмкін. Бүгін танысыңызбен күтпеген жерден кездесіп қалуыңыз мүмкін, қонаққа келіп қалуы да ғажап емес, шайға тәттілер сатып алып қойыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңызды жинап, шағын саяхатқа шығыңыз. Оларға жол көрсетуші болыңыз, бұл сізге ұнайды және бәрі де қуанады. Кішкентай аяқ киім сөресін сатып алыңыз, ол жерге қолайсыз ауа райында серуендегеннен кейін былғанып қалған аяқ-киіміңізді қойып қоюға болады. Осылайша кіреберісте тазалықты сақтау әлдеқайда оңай болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз. Сүйіктіңізге қатысты жақсы жаңалық болуы мүмкін. Бүгін сіз тағы бір мәрте дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізесіз.

 Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өміріңізде тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз әрі өзіңізге қуаныш сыйлауды ұмытпаңыз. Театрға, киноға, көрмеге барудың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Маңызды шешім қабылдайтын күн. Жұмыс, лауазым, үйіңіз немесе қоршаған орта арасында таңдау жасаңыз.

 Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Балаларыңызға қатысты сабырлы, ұстамды әрі шынайы болуға тырысыңыз. Олардың пікірі немесе ойы сізге ұнамай жатса да, қолдаңыз. Қолдауыңыз олар үшін өте қажет. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста өзара бір ортақ шешімге келу маңызды. Өз пікіріңізді ғана басшылыққа алып, дауласа бермеңіз. Жан жарыңызды не үшін жақсы көретініңіз туралы ойланыңыз және оған бұл туралы айтуға қысылмаңыз: ол шынымен бұған мұқтаж.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жұбыңыз екеуіңіз тілектеріңізді бір қағазға жазып, бір-біріңізге тарту етіңіз. Бұл араны жақындастырады әрі кімнің нені қалайтынын осы хаттардан-ақ білуге болады. Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек.

 Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Күн жарқын және оқиғаларға толы болады. Қызықты және ерекше ұсыныстар болуы мүмкін. Егер сіз оларды қабылдасаңыз, онда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Жолыңызда оңай жеңуге болатын кедергілер болады. Бұл сіздің батылдық және шығармашылық қабілетіңізді ашуға мүмкіндік береді. Жылына кемінде бір рет тіс дәрігеріне және офтальмологқа баруды әдетке айналдырыңыз. Бұл айтарлықтай материалдық инвестицияларды қажет ететін күрделі мәселелер туындамастан бұрын денсаулығыңыздың маңызды аспектілерін бақылауға мүмкіндік береді.

 Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Достардан көмек сұрау үшін сәтті күн. Олар мейірімділік пен қамқорлық танытады. Олардың мақтауларын қабылдап, көмектерін қабыл алыңыз. Бақыт тыныштықты жақсы көреді, сондықтан жеке өміріңізге қатысты сырыңызды ешкімге бөліспегеніңіз жөн, әсіресе бүгін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Қиындықтар күтілмейді, бірақ көңіл-күй керемет бола қоймайды. Көп нәрсе мұңды және жағымсыз болып көрінеді, жоспарлардан бас тартуға немесе оларды кейінге қалдыруыңызға тура келеді. Бұл демалғаныңыз дұрыс екенін аңдататын белгі. Маңызды нәрселер кестесін жасау үшін отбасы мүшелерімен сөйлесіңіз, бұл бірге уақыт өткізуге сеп болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулығыңызда еш кінәрат жоқ, сарқылмас энергияңызды жұмыс күніндегі басты мақсатқа бағыттаңыз. Бүгін сіз үшін тыныштық бәрінен маңызды. Асықпаңыз, әр ісіңізге ойланып барып кірісіңіз. Тек осылай ғана сіз жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін не істеу керектігін түсінесіз

ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027990-bugingi-zuldyz-zoramal-11-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: