Жұма, 03 мамыр, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

19 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

19.07.2023

755 0

Сурет ашық дереккөзден

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Үйде барлық уайымнан арылуға болатын «жайлы бұрышты» жабдықтауға тырысыңыз. Бұл жерге жастықтар мен көрпе қойыңыз, жарық қосыңыз (майшам, гирлянда немесе шамдар) және сүйікті кітаптарыңызды тізіп қойыңыз. Бұл күнделікті бірсарынды өміріңізді түрлендіреді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынасты қалпына келтіріп, ескі достарыңызбен байланыс орнатуға тамаша күн. Ренішті ұмытыңыз. Өзіңіз ренжітіп алған адамдардың құрметі мен сенімін осылай ғана қайтара аласыз. Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста жаңа деңгейге өту мүмкіндігі бар: бастаманы өз қолыңызға алыңыз, бірақ серіктесіңізге қысым жасамаңыз. Сергектік сезінесіз: күш-қуатыңыз тасып, көңіл-күйіңіз тамаша болады. Жан дүниеңіздегі үйлесімділік қалаған нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді романтикалық фильмнің кейіпкеріндей сезініңіз. Сүйіктіңізбен қаланың сыртына шығып, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз. Бүгін жалғызбасты адамдар өз махаббатын кездестіретін күн: үйге бара жатқанда, көшеде немесе көлікте танысу туралы өтініштерден бас тартпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздың бірінің аспаздық рецептін қолданыңыз және жақындарыңызды жаңа тағаммен таң қалдырыңыз. Гардеробыңызды тазалаңыз: кимейтін киімдерден арылыңыз және жаңа заттарға орын босатыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Өз пікіріңізді әдепті түрде білдіруді әдетке айналдырыңыз. Бүгін бұл әсіресе пайдалы. Иммунитетті дәрумендер мен қоректік заттармен көтеріңіз. Шаршағаныңызды ыстық ванна мен бір шыны шай басады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер бүгін достарыңыздың бірі сізге қатысты мысқылдайтын болса, сабырлық танытыңыз. Сіз әдептілік пен сыпайылыққа лайықсыз. Жайлы зонаңыздан шығыңыз. Бұл кез келген кедергілерді жеңуге көмектеседі. Күннің бастапқы кезеңі жайлы және тыныш болады, бірақ уақыт өте келе біраз түсінбестіктер орын алады.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Келесі ай – басшылықтың сізді жоғарылату туралы шешім қабылдайтын шешуші уақыты. Бұл – өзіңіздің жақсы маман екеніңізді дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Айтарлықтай проблема туындамайды. Өз эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Күнделікті істерге көбірек көңіл бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қаржылық мәслелерге баса мән беріңіз, өзіңіз үшін тиімді сауда жасау мүмкіндігі туындайды. Бұл күнгі барлық сапар сәтті өтеді. Мүмкіндігінше, өз денсаулығыңызды кешенді жоспарлы тексеруді ойластырыңыз. Ол кез келген ықтимал аурулардың алдын алады немесе дертті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Махаббатқа немқұрайлы қараудан қашыңыз, байыпты болуға тырысыңыз. Демалыс күндері туғандарыңызбен қалай уақыт өткізетініңізді ойластырыңыз. Оларға көңіл бөліп, уақыт арнаған артық етпейді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, ешбір жағдайда өз бетіңізше емделуге болмайды, бұл денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін, одан да маманға хабарласыңыз. Осы уақыт ішінде сізді қолдаған сүйікті адамыңызға рахмет айтуды ұмытпаңыз. Оған себепсіз сыйлық дайындаңыз.

ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029036-bugingi-zuldyz-zoramal-19-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: